back-image
КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ " № 11 Жалпы білім беретін мектебі"
Қазақстан халқы еліміздің негізгі заңы – Конституция күні
30-08-2024 11:52
Бүгін, 30 тамызда, Қазақстан халқы еліміздің негізгі заңы – Конституция күнін атап өтуде. 1995 жылы дәл осы күні жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құқықтық негіздерін бекітіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде даму жолын анықтады.
Конституция – елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі құжат. Оның қабылдануы елдегі тұрақтылықты, бейбітшілікті және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етті.
Қазақстанның Конституциясы халықаралық құқық нормаларына сәйкес әзірленіп, еліміздің зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде даму бағытын айқындап берді. Конституция күні – еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын негізгі заңға деген құрметтің көрінісі.
Бүгінгі мереке барша қазақстандықтар үшін еліміздің заңдарына деген құрметті және ұлттық бірлікті дәріптейтін маңызды күн болып саналады.
Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпіз!

 

Новости