“Нашақорлыққа жол жоқ!”
"N11 ЖББМ" КММ-де жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын- алу мақсатында Құндызды Ауылдық Округінің инспекторы Слямов Арман Бейсенұлы мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмысы барысында оқушылар мен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, нашақорлықпен күресуге жалпы қоғам болып ат салысу қажеттілігін, өскелең ұрпағымызға жарқын да салауатты өмір сүру керектігін айтып өтті. Нашақорлық - барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі дейтін болсақ, жастарымыздың ғасыр індетіне шалдықпауына қоғам болып жол бермеуіміз қажет деп жастарға жаман заттардан аулақ болу керектігін айтты.