back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құрметті ата-аналар! 1 сәуірден бастап бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау басталды.
10-04-2023 12:26
Құрметті ата-аналар! 1 сәуірден бастап бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау басталды.

Құрметті ата-аналар!

1 сәуірден бастап бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау басталды.

Осакаров ауданының мектептерінде 1 сыныпқа қабылдау «e.bilimal.kz» порталыарқылы,сондай-ақ «egov.kz»«Электрондық үкіметтің» веб-порталымен жүзеге асырылады.

Ол үшін қажетті құжаттар:

  • ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты № 026/у-3, № 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
  • 3х4 фотосуреттер.

1-сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

1-сыныпқа қабылдаубойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпарат Осакаров ауданының білім бөлімі мен жалпы білім беретін мектептердің Facebook, Instagram, Telegram парақшаларында жарияланған, сондай-ақ YouTube каналында https://youtu.be/i1tVb6MoBcAсілтемесі бойынша бейне нұсқаулықты көруге мүмкіндік бар немесе «e.bilimal.kz»сайтында орналастырылған.

Новости