back-image
Қарағанды облысы білімбасқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№10 жалпыбілім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Организации> Қарағанды облысы білімбасқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№10 жалпыбілім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
19-10-2023 12:49
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!

Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді.

Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым.

Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ
Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Яғни қолданыстағы барлық 1-11 сынып оқулықтарын аталған ресми сайттан тегін жүктеп алуға болады!

Алайда кейбір ұстаздар мен оқушылар OKULYK.KZ сайтындағы оқулықтарды оқу процесінде пайдаланғаны белгілі болды.

Құрметті ұстаздар және оқушылар!

OKULYK.KZ – Оқу-ағарту министрлігімен байланысы жоқ, жеке меншік сайт. Сондай-ақ аталған сайтта мемлекеттік сараптамадан өтпеген оқулықтар да кездеседі. Сол себепті мұқият болуға шақырамыз!

Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында!
___

Новости