back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
.
07-09-2022 10:09
.

Бүгін «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Қазақстан халқы Тілдері күніне арналған «Тіл-кемел болашақ тұғыры» онкүндігін өткізу аясында 8-11 сынып оқушылары «Ұлт ұстазы» тақырыбында деректі фильмін тамашалады. Көру барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы қазақ әліпбиінің негізін қалаушы сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппені» құрастырғаны, сондай-ақ қазақ жазуын реформалағаны, қазақ тілінің негіздерін әзірлегені және қазақ грамматикасына арналған ғылыми терминологияны енгізгені туралы білді. Іс-шара қорытындысы бойынша викторина өткізіліп, оған оқушылар белсене қатысты.

Новости