.
27.10.2022 жылы «No13 орта мектебі» КММ-де «Өнегелі өмір» жобасының жоспарын жүзеге асыру мақсатында 9 және 11 сынып оқушыларының мектебіміздің түлегі, Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасының дәрігер—онкоурологы Луканькова Нина Валерьевнамен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Нина Валерьевна әңгімесін өз өмірін медицинамен байланыстыруға деген саналы ықыласы мектепте жүргенде пайда болғаны туралы сөздерден бастады. Содан бері ол дәрігер болатынын анық білді. Оқуды бітіргеннен кейін ол тек бір медициналық университетке құжатын тапсырды. Кез келген студенттен «Медицинада оқу қиын ба?» деген сұраққа олардың беркр жауабы « иә, бұл оңай емес». Бірақ Нина Валерьевна ешқашан, ешбір жағдайда, ешнәрседен бас тартқан емес. Бесінші курстан кейін онкологиялық диспансерде интернатурадан өтті. Ол жерде керемет адамдармен кездесті. Оны олардың керемет ерік-жігері, ештеңеге қарамастан өмір сүруге деген ұмтылысы таң қалдырды. Онкологиялық диспансердегі емделушілер Нина Валерьевнаны қатты ынталандырды. Дәл сол кезде ол жай онколог емес, хирург болғысы келетінін түсінді!
Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған мынадай сұрақтар қойды: «Бұл мамандықты таңдауда кім үлгі болды?»; «Дәрігер мамандығын таңдауыңызға отбасыңыз қалай қарады және медициналық академиядағы оқуыңыз бойы қолдау көрсетті ме?», «Таңдағаныңызға өкінген кезіңіз болды ма?», «Дәрігер мамандығын таңдаған кезде пациенттердің сізге деген көзқарасы қандай болды? Сіз жас маман болып келгенде, емделушілердің сізге деген көзқарасы қандай болды?
Нина Валерьевна барлық сұрақтарға жауап берді. Ол орта мектепте оқып жүрген кезінде осы мамандық иесі болуды армандаған. Туыстары оның таңдауына қарсы болмады, бірақ оларды көп жыл оқу қажеттілігі ойландырды. Уақыт өте келе жақындары оны мақтан тұтып, оның адамдарға «ерекше» көмектесетініне қуанатын болды. Жұмыс барысында түрлі жағдайлар кездесіп тұрады, кейде өлімге әкелетін кездері де болған. Емделушілерді оның жасы алаңдатқан емес және олардан «сен жассың, ештеңе түсінбейсің» деген сөздерді ешқашан естіген емес. Жас болса да, ақыл тоқтатқаны көрініп тұр. Халық оған сеніп артып қарайды. Білімді, заманауи әдістерді білетін дәрігер екені білініп тұр.
Әңгіме соңында Нина Валерьевна: «Менің мамандығымда ең бастысы – мақсатқа жете білу. Ал біздің емделушілермен ортақ мақсатымыз– сауығу. Таңдағаныма мүлде өкінбеймін, мамандығым үнемі дамуды, табанды ойды және барынша қайтарымды қажет етеді. Менің ойымша, нағыз дәрігер-онколог осындай болуы тиіс.
Нина Валерьевна балаларға болашақта жұмысыңыз қуаныш, қанағат әкеліп, әрбір жұмыс күніңіз мерекедей өтсін десеңіз, мамандық таңдауды бүгіннен кешіктірмей ойластыру қажет деп ақыл-кеңесін берді.