.
«Сұлулық әлемді құтқарады» деген сөз әр уақытта өзекті болып табылады. Қазіргі қоғамда адамдардың қарым-қатынасына, олардың ішкі және сыртқы мәдениетінің деңгейіне эстетикалық талаптар артып келеді. 2022 жылдың 14-18 қараша аралығында мектебімізде эстетикалық сауаттылық апталығы өтеді. Бұл апталықтың мақсаты: табиғаттағы, қоғамдық өмірдегі сұлулықты қабылдауға, сезінуге, дұрыс түсінуге және бағалауға үйрету, өнерге баулу, адамгершілік эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу.
Бүгін, 2022 жылғы 15 қарашада 7-сыныпта «Адам өміріндегі сәндік-қолданбалы өнердің рөлі» викторинасы өткізілді. Іс-шара викторина түрінде өтті, сынып 2 командаға бөлінді. Балалар белсенділік танытты, конкурстық тапсырмаларды орындай отырып, жеңіске ұмтылды, осы тақырып бойынша білімдері мен дағдыларын көрсете білді. Іс-шараның қорытындысы оқушылардың дайындық деңгейін көрсетті, екі команда бірдей ұпай жинады.
9 сынып оқушылары «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына шолу» виртуалды экскурсиясына қатысты. Оқушылар мұражайларды құру себептерімен, олардың әртүрлілігімен танысып, үй мұражайларын құру мүмкіндігі туралы білді. Бейнежазбаны көргеннен кейін балалар топта жұмыс жасап, мынадай тапсырмаларды орындады: «Мұражай» тақырыбына синквейн құрастырды, болашақ мұражайын жобалады.
«Красота спасет мир» - это высказывание актуально во все времена. В современном обществе повысились эстетические требования к взаимоотношениям людей, к уровню их внутренней и внешней культуры.
С 14 по 18 ноября 2022 года в нашей школе проходит неделя эстетической грамотности. Цель проведения данной недели: учить воспринимать, чувствовать, правильно понимать и оценивать красоту в окружающей действительности - в природе, в общественной жизни, приобщать к искусству во всех его проявлениях, воспитывать нравственные эстетические чувства.
Сегодня, 15 ноября 2022 года 7 классе была проведена викторина: «Роль декоративно-прикладного искусства в жизни человека». Мероприятие проходило в форме викторины, класс был разделен на 2 команды. Ребята были активны, нацелены на победу, выполняя конкурсные задания, показали знания и умения по данной теме. Итог мероприятия показал уровень подготовленности учащихся, обе команды набрали равное количество баллов.
Учащиеся 9 класса посетили виртуальную экскурсию «Обзор Государственного музея искусств им. А. Кастеева». Школьники познакомились с причинами создания музеев, их разнообразием, о возможности создания домашних музеев. После просмотра видео, ребята, работая в группах, выполнили задания: составили синквейн на тему «Музей», спроектировали музей будущего.