2023 жылғы 14 қыркүйекте "№13 ЖББМ" КММ-де тілдер онкүндігі шеңберінде 5-8 сынып оқушылары арасында "Тіл - ұлттың жаны" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Сайыс үш тілде өткізілді: қазақ, орыс және ағылшын. Аталған іс-шараның мақсаты: оқушыларды өз ана тілін қастерлеуге баули отырып, өзге тілді біліп, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, өз тілін құрметтейтін, өзге тілді білетін еліміздің білімді де, жан-жақты азаматын тәрбиелеу. Мұғалімдердің дұрыс таңдаған байқаулары балаларды белсене қатысуға ынталандырды.