back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
21-12-2023 11:01
21.12.23 жылы «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Өнегелі өмір» жобасын іске асыру аясында 10 сынып оқушыларының мектеп асханасының аспазы Олейникова Наталья Сергеевнамен кездесуі ұйымдастырылды. Наталья Сергеевна оқушыларға мамандықты қалай дұрыс таңдап алуға болатыны туралы және ең бастысы, сүйікті жұмысыңыз өзіңізге, отбасыңызға, жалпы адамдарға, Отанға қуаныш пен пайда әкелетіні туралы айтты. Бала кезінен Наталья Сергеевнаның көз алдында үлгі болып отырған өз анасы - Гришкова Нина Владимировна, ол көптеген жылдар бойы аспаз болып жұмыс істеген, сол себептен Наталья Сергеевна да аспаз мамандығын таңдады және де дұрыс таңдау жасады деп санайды. Отбасында анасының ізін жалғастырып келе жатқан кондитер-аспазшы-даяшы мамандығын таңдап алған үлкен ұлы - Александр. Әрі қарай Наталья Сергеевна аспаз деген кім және бұл мамандықтың мәні неде, мектеп асханасының аспазы мен жоғары деңгейлі мейрамхананың аспазының айырмашылығы неде екені туралы айтты. Ол өз кәсібін біздің қоғам үшін өте маңызды деп санайды, себебі қазіргі өскелең ұрпақ пайдалы тағамға өте мұқтаж. Өйткені оқушылардың денсаулығы, көңіл-күйі, оқуы олардың тамақтануына тікелей байланысты. Наталья Сергеевна балаларға мынадай кеңесін берді: «Сендер мектепті бітіріп, білімдеріңді жалғастырғалы жатырсыңдар, өздерің үшін не маңызды екенін, бойларыңда қандай дағдылар мен қабілеттер бар екенін ойланып, ең бастысы - мамандық пен кәсіпті қателеспей таңдап алыңдар. Өйткені мамандықты дұрыс таңдау - бұл өздеріңнің көңіл-күйлерің, эмоцияларың – жалпы айтқанда, бұл сендердің болашақ өмірлерің, себебі біз уақытымыздың басым бөлігін сүйікті жұмысымызда өткіземіз!»
21.12.23 года в КГУ "Общеобразовательная школа № 13" в рамках реализации проекта "Өнегелі өмір" была организована встреча учащихся 10 класса с поваром школьной столовой Олейниковой Натальей Сергеевной.
Наталья Сергеевна рассказала учащимся о правильном выборе профессии и что является главным, чтобы любимая работа приносила радость и пользу тебе, твоей семье, людям, Отечеству. С детства у Наталии Сергеевны был пример перед глазами - это ее мама, Гришова Нина Владимировна, которая долгие годы работала поваром, поэтому она выбрала профессию повара и считает, что сделала правильный выбор. Династию семьи продолжил ее старший сын Александр, получивший профессию повар-кондитер-официант.
Далее она рассказала кто же такой повар и в чем суть этой професии, в чем отличие повара школьной столовой и повара элитного ресторана. Она считает, что ее профессия, очень важна для нашего общества, так как подрастающее поколение нуждается в полезной и здоровой пище. Ведь от того, как накормить учеников, зивисит их здоровье, настроение, учеба.
Наталия Сергеевна дала совет ребятам: «Вы заканчиваете школу и собираетесь получать образование, подумайте, что важно для Вас, какими умениями и способностями обладаете Вы, главное не ошибиться, выбрать профессию и работу по призванию. Ведь правильный выбор профессии – это ваше состояние, настроение, эмоции – это Ваша жизнь, ведь большую часть времени мы проводим на нашей любимой работе!»
Новости