2024 жылғы 17 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөлімінің «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ - де кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде іс-шаралар өткізілді. 5-сыныпта «Кәсіп әлемімен танысу» сабақ-ойыны. Ойынның мақсаты: кәсіп әлемінде танымдық іс-әрекеттің қызығушылығын дамыту. Ойын барысында оқушылар шығармашылық белсенділік, қиял, бір-біріне мейірімділік, жауаптылық танытты; 8-сыныпта интерактивті ойын «Өз ойыны». Ойынның мақсаты: оқушылардың кәсіп түрлері туралы білімдерін жетілдіру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу. Оқушылар ұйымдастырушылық қабілеттерін, тапқырлығын, зейінділігін, ойлауын көрсетті.