Жыл сайын кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 8-11 сынып оқушылары арасындабайқаулар өткізіледі. 2024 жылы біздің оқушылар «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық байқауына қатысып, «Мен ... мамандығын таңдаймын» номинациясы бойынша – 9-сынып оқушысы Пискунов Владислав - аудандық кезең -1 орын, облыстық кезең - қатысушы сертификаты, «Менің бизнесім – менің кәсібім» номинациясы бойынша –
10-сынып оқушысы Мельникова Рената - аудандық кезең - 1 орын, облыстық кезең - қатысушы сертификаты.
«Ауыл шаруашылығына қадам» АГРО сыныбы облыстық жобасын іске асыру аясында презентациялар байқауы өткізілді, 9-сынып оқушысы Казакова Виктория «Диқан – мақтан тұтарлық мамандық» презентациясымен 3 орын иеленді.
Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру және кәсіби өзін-өзі анықтауларына көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысында жыл сайын «Болашаққа билет» форумы өткізіледі. Алдын ала байқаулар өткізіледі, оған біздің оқушылар екі жыл бойы белсенді қатысып келеді. «Жаңа мамандықтар атласы» номинациясында болашақ мамандығы туралы бейнеролик ұсыну қажет болды, 9-сынып оқушысы Ручкина Ульяна, байқаудың аудандық кезеңінде 1орынға ие болды. «Бизнес стартап-жоба» көрмесі номинациясында жобасы мен өзінің бизнес-идеясын ұсыну, кәсіпкерлік дағдыларын, іскерлік ойлауын, көшбасшылық әлеуетін көрсету қажет болды. Осы номинация бойынша 11-сынып оқушысы Глинова Снежана аудандық байқау кезеңінде 1орынды иеленді.
«Болашаққа билет» форумы 14 мамыр күні Қарағанды қаласында өтті, онда біздің оқушылар Ручкина Ульяна мен Глинова Снежана байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары ретінде мектебіміздің атынан Осакаров ауданының намысын қорғады. Жобаларды қорғау офлайн форматта өткізілді, байқаудың облыстық кезеңінде әр оқушымыз өз номинациясы бойынша 2-ші орынға ие болды.
Мектебіміздің барлық оқушыларын байқаудағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктерінде тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылып, кез-келген шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз. Сәттілік, қызықты жобалар, өзіне деген сенімділік пен жеңістер тілейміз!