back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
14-05-2024 11:38
Қарағанды облысында таланттарды анықтап, кәсіптерін саналы түрде таңдауға бағытталған кәсіптік бағдарлау жобасын іске асыру шеңберінде жыл сайын «Болашаққа билет» форумы өткізіледі. Биыл ол 2024 жылдың 14 мамырында Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде өтті.
Біздің оқушылар да өз жобаларымен форумға қатысты, Ручкина Ульяна (9 сынып), «Жаңа кәсіптер атласы» бейнероликтер байқауы, Глинова Снежана (11 сынып), «Бизнес стартап жобалар» байқауы. Екеуі де өз номинациялрында 2 орынды иеленді.
Іс-шара соңында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері біздің оқушыларымыз үшін колледж шеберханаларына экскурсия өткізді. Қыздарға «Ландшафттық дизайн», «Интерьер дизайны», «Сәулет», «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтық қолөнер», «Өнеркәсіптік өнім дизайны», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және басқа да шеберханаларға бару мүмкіндігі берілді. Шеберлер студенттердің практикалық сабақтары қалай өтеді және олар қандай зерттеу жобаларын орындайтыны туралы айтып берді. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған сабақтар өткізілетін шеберханаға барды.
Қыздар көптеген пайдалы танымдық ақпарат алып, студенттердің дайын жұмыстарының көрме залына барып қайтты, экскурсия оларға өте ұнады. Бізге қажетті ақпараттардан басқа студенттердің шығармашылық жұмыстарынан эстетикалық ләззат алуға мүмкіндік берген барлық оқытушылар мен шеберлерге алғысымыз шексіз.
Новости