Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес қоғамдық көліктерде, вокзалдарда, әуежайларда, адамдар көп жиналатын орындарда, кинотеатрларда, мектептерде, ауруханаларда, балабақшаларда, колледждерде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, алаңдарда және т .б. балалардың қауіпсіздігі тақырыбын жария ету іс-шарасы көзделген.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» интернет желісіндегі балаларды қорғау мәселелерін қамтитын бейнероликтер әзірленді. Бұл бейнероликтер ата-аналарға, тәрбиешілерге және балалардың өздеріне интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық туралы білім беруге, сондай-ақ Цифрлық сауаттылық пен ықтимал қауіптер туралы хабардарлықты нығайтуға бағытталған.
Сіздердің назарларыңызға бейнероликке сілтеме ұсынамыз: https://disk.yandex.kz/d/Qg2IRLtbwRR3ZA