22.05.24 жылы «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Өнегелі өмір» жобасын іске асыру аясында 9-сынып оқушыларының мектебіміздің түлегі, «Солнышко» шағын орталығының дене шынықтыру нұсқаушысы, Цвенгер Ольга Викторовнамен кездесуі ұйымдастырылды.
Ольга Викторовна жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін педагог-психолог мамандығына ие болды. Ол: «Мен балабақшадағы дене шынықтыру нұсқаушысымын!» - деп, мамандығын саналы түрде таңдап алды. Ольга Викторовна қозғалыста болғанды, балалармен ойнағанды, жарысқанды ұнататынын айтты. Ол балаларды жүгіруге, доппен ойнауға, секіруге ғана емес, басқа балалардың жетістіктерінен ляззат алуға, бір-біріне көмектесуге, балаларды жанашырлыққа, өздерін ұжым ретінде сезінуге үйретуге тырысады. Оқушыларының жетістіктері оны қуантады және де өз қызметінде алға жылжуға, жетілдірілуге, дами отырып, жаңа тәсілдер мен шешімдер іздеуге ынталандырады. Оқушылар қойған сұрақтарға Ольга Викторовна қуана жауап беріп отырды. Оның әңгімесі балаларға өте ұнады, оқушылар мұғалімге ризашылықтарын білдірді.