back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
02-09-2024 11:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына жауабы.
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау еліміздің барлық азаматтары үшін маңызды болып табылады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның таяу болашақтағы дамуының негізгі басымдықтарын белгілеп, шұғыл шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелер мен сұрақтарға тоқталды.
Ол: «Қазақстан халқы бүгінде мүлде жаңа саяси шындықта өмір сүріп жатыр. Соңғы бес жылда ауқымды реформалар жүзеге асырылып, саяси жүйе түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қоғамдық санада түбегейлі өзгерістер орын алуда, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі көтерілуде, қоғамда жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда».
Елбасы алдағы жұмыстың тоғыз бағытын атап өтті:
1. Ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою қажет.
2. Инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу маңызды.
3. Елдің индустриялық әлеуетін толық ашуға жүйелі күш салу керек.
4. Бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажет.
5. Елдің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттыру маңызды.
6. Ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыру қажет.
7. Экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу басты мақсаттардың бірі.
8. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.
9. Қоғамда құқықтық тәртіп идеологиясы берік орнығуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев әр бағыт бойынша нақты нұсқамалар мен тапсырмалар берді.
Жалпы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бірлік, тұрақтылық және өркендеу қағидаттарына негізделген әділ, әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруға бағытталған ауқымды реформалар бағдарламасын білдіреді. Бұл бастамалардың жүзеге асырылуы заманауи талаптар мен азаматтардың ұмтылыстарына лайықтыЖаңа Қазақстанды құру жолындағыстратегиялық мақсатыныңжүзеге асырылуындағымаңызды қадам болмақ.
Новости