back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
24-09-2024 09:08
24.09.24 жылы «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Өнегелі өмір», «Ауыл шаруашылығына қадам » жобаларын іске асыру аясында, «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында 10-сынып оқушыларының Озерный Ауылдық Округінің жалғыз кәсіпкер-әйел, «Нива» шаруа қожалығының басшысы, Цвенгер Елена Ивановнамен кездесуі өтті.
Елена Ивановна өз әңгімесін 2000-шы жылдардың басында шаруа қожалығын ұйымдастырылуынан бастады. Шаруа қожалығының қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты. Елена Ивановна жермен айналысудың көптеген қыр-сыры бар екенін айтты. Кәсіпкердің жұмысы ерекше және оңай емес, бірақ оның өмірі өте қызықты, бұл жұмыс түрі шыдамдылықты, білімді, тәжірибе мен талантты қажет етеді.
Жермен айналысу үшін кез-келген басқа мамандық сияқты белгілі бір кәсіп қажет және ол үшін ауылшаруашылық мамандықтарын игеру арқылы үйрену керек. Елена Ивановна білікті мамандардың жоқтығын атап өтті, сұранысқа ие және маңызды мамандықтардың бірі – «агроном» мамандығы. Сондай-ақ, қазіргі кезде механизатор мамандығы беделді бола алмағанын, бірақ ол әлі де үлкен физикалық күш пен ақыл-ой қабілеттерін қажет ететінін атап өтті, өйткені қазіргі заманғы фермерлер озық ауылшаруашылық жабдықтары мен жаңа буын техникасын қолдануға тырысады.
Өз өмірін жермен айналысу ісіне арнаған адамдарды қадірлеп, құрметтеу керек. Олардың жұмысы таң атқаннан, күн батқанға дейін жалғасады. Егін науқаны кезінде олар ауылдастары мен қала тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін бірнеше ауысымда, демалыссыз жұмыс жасайды.
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында балалар Елена Ивановна мен оның отбасына шуақты ауа-райын, қуанышты күндер мен оптимизмді, денсаулық пен күш-қуатты және мол табыс пен жаңа жетістіктерді тіледі !
Новости