back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№13 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25-09-2024 09:07
25.09.24 жылы «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын, «Ауыл шаруашылығына қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберінде, «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында 8-сынып оқушыларымен «Болашақ мамандықтары: Ауыл шаруашылығы» ақпараттық дайджесті өткізілді. Ақпараттық дайджест мақсаты: оқушыларды ауыл шаруашылығымен байланысты ең перспективалы және сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегінің мәні мен мазмұны туралы түсініктерін бекіту, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ақпараттық дайджест барысында балалар Қазақстанның жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің Атласымен танысуды жалғастырды.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі, мерекелеудің негізгі мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау.
Балалар Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланған Қазақстан халқына Жолдауымен танысты. Кездесу соңында, оқушылар ата-аналарының мамандығы бойынша кім екенін, олардың еңбегінің маңыздылығы туралы, әр мамандықтың маңызды және құрметті екенін айтты.
Новости