27.09.24 жылы «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысын, «Ауыл шаруашылығына қадам» жобасын жүзеге асыру шеңберінде, «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында 7 сынып оқушыларымен механизатор Шнайдер Александр Александровичтің отбасы туралы «Еңбек әулеті» атты презентациялық іс-шара өткізілді.
Еңбек әулеттері аға ұрпақ өз кәсібін шынымен жақсы көретін, өз ісімен қуанышпен және адалдықпен айналысатын, жақсы көңіл-күймен жұмысқа баратын, бір сөзбен айтқанда, жұмыс оларға қуаныш сыйлайтын отбасыларында пайда болады. Сол кезде балаларында да болашақ мамандығын таңдауда сұрақтары туындамайды. Мұғалімдер, дәрігерлер, әскери қызметкерледің әулеттері ешкімді таң қалдырмас, ал аграрлық әулеттер- ол мүлдем басқа. Ұрпақтан-ұрпаққа кәсіп ретінде жалғасып келе жатқан қажырлы еңбек үлкен құрметке ие. Александр Александровичтің ауыл шаруашылығындағы еңбек өтілі 49 жыл. Ол 19 партсъезд атындағы совхозында, «Агросоюз» , « Ақжол 2070» ЖШС-да егіншілікпен айналысқан. Александр Александрович бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған. Оның ұлдары әкесінің мамандығын – механизатор мамандығын таңдады. Уақыт өте келе механизатор мамандығы маңызды, құрметті және сұранысқа ие болғанымен, өте қиын әрі жауапты болып қала береді. Ауыл шаруашылығында жұмыс жасау оңай емес, ауыл адамдары үлкен еңбекқорлық пен батылққа, асқан шыдамдылық пен орасан зор ерік-жігерге ие. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары болашақ мамандықтарын таңдау туралы ойлануы керек. Мамандық түрі өте көп... қайсысын таңдау керек? Оларға не жақын - қала өмірі ме, әлде ауыл өмірі ме? Кімнен үлгі алу керек? Мысал ретінде көпбабалы, өте тату Шнайдер отбасын алсақ, оларға қарап, еңбекқорлық пен отансүйгіштікке үйреніп, ауылда да абыройлы өмір сүруге болатындығын көруге болады.