2024 жылдың 13 қарашасында Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де кәсіптік бағдар беру апталығын өткізу шеңберінде 10, 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзіне және адамдарға қуаныш сыйлайтын мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда көмек көрсету; оқушылардың кәсіби қалауын түзету; қазіргі қоғамда қандай мамандықтар перспективалы екенін көрсету. Дөңгелек үстелге қатысушылар көпшілік алдында сұрақтарды талқылап, мамандық деген не, қазіргі жастар мамандық таңдауда қандай факторларды басшылыққа алады деген сұрақтар бойынша белгілі бір тәртіппен сөз сөйледі, кәсіп деген не екендігі туралы пікірталас жүргізді, мамандық таңдауда қателіктер жібермеу туралы пікір алмасты.
Осы тақырып пен мәселе бойынша «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, оқушылар өздері үшін маңызды сұрақтарға жауап тапты.
13 ноября 2024 года в КГУ «Общеобразовательная школа № 13» отдела образования Осакаровского района управления образования Карагандинскойобласти, в рамках проведения профориентационной недели было проведено мероприятие «Круглый стол «Профессия, приносящая радость себе и людям»» с учащимися 10, 11 классов. Целью мероприятия является: помочь учащимся в выборе будущей профессии; скорректировать профессиональные предпочтения учащихся; показать, какие профессии являются перспективными в современном обществе. Участники круглого стола публично обсуждали, высказывались в определенном порядке на вопросы что такое профессия, какими факторами руководствуется современная молодежь при выборе профессии, дискутировали о том, что такое призвание, обменивались мнениями как не допустить ошибки при выборе профессии.
Используя метод «мозговой атаки» по данной теме и проблеме, школьники нашли ответы на такие важные для них вопросы.