back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№15 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№15 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
20-10-2023 11:11
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. 
 
Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым. 
 
Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ
Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Яғни қолданыстағы барлық 1-11 сынып оқулықтарын аталған ресми сайттан тегін жүктеп алуға болады! 
 
Алайда кейбір ұстаздар мен оқушылар OKULYK.KZ сайтындағы оқулықтарды оқу процесінде пайдаланғаны белгілі болды. 
 
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
 
OKULYK.KZ – Оқу-ағарту министрлігімен байланысы жоқ, жеке меншік сайт. Сондай-ақ аталған сайтта мемлекеттік сараптамадан өтпеген оқулықтар да кездеседі. Сол себепті мұқият болуға шақырамыз! 
 
Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында!
Новости