Мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаныңда білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру, білім алушылармен бірге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Сынып сағаттарында, Білім күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларда балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулері жайлы талқыланды.Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілді. Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайнакциясын өткізілді. Заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдары қолданылып, мұражай, кітапхана ресурстары пайдаланылды.