18 қараша күні құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешкі сағат 19.00-22.00 аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махмутова Шынар Манатовна, әлеуметтік педагог Жүнісбек Табиғат Уахитқызы, педагог –психолог Адамкожина Бегзат Қайратовна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қоянбаев Айқанат Құралұлы, Шенгелбаев Арыстанбек қатысуымен түнгі рейд жүргізілді. Түнгі рейдтік іс –шарада кент көшелері кент бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.
Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тек ата –аналарымен бірге жүрген отбасыларын кездестірілді.