2022 жылдың 29 желтоқсанында Ақжал кентінде, яғни, Ш.Батталова атындағы жалпы білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілген аудандық жаңа жылдық шырша өткізілді. Оған мектебімізден патронаттық тәрбиедегі 2 оқушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 оқушы әлеуметтік педагог және тарих пәні мұғалімінің жетекшілігімен барып келді. Шырша оқушылар үшін өте қызықты өтті, көптеген ойындар ойнатылып, ол үшін сыйлықтар беріліп жатты. Кеш соңында оқушыларға түскі ас беріліп, сонымен қатар, әрқайсысына тәтті дәмділер мен жекелей сыйлықтар берілді. Оқушылар мерекеден өте көңілді әсермен қайтты.
Әкімшілік шыршасы