Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде "Өнегелі өмір" жобасы аясында, Отбасы күніне орай жерлес қаламгер,аудармашы, ҚР журналистер одағының мүшесі Марал Хасеннің шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау мақсатында қаламгер мұрасының қорғаны бола білген жары Рымбала Кенжебай қызымен сыр сұхбат ұйымдастырылды. Кездесуге ардагер ұстаздар мен қатар жерлес қаламгердің әріптестері, мектеп ұстаздары, 10"А",10"Б" сыныптары қатысты. Кездесу барысында кеш қонақтары отбасының қамқоршысы, тірегі, жақындарының жанашыры, елінің адал перзенті бола білген жерлесіміз жайында қызықты естеліктермен бөлісті. Жары Рымбала апайымыз аудармалары жинақталған 7-томдық еңбегімен таныстырып, мектеп ұстаздары мен оқушыларына, кенттік мұражайға журналист атамыздың кітаптарын табыс етті. Мектеп әкімшілігі мен кездесуді ұйымдастырушы Тасырбаева Д.Д., жүргізушісі Азбаева Л.Х.ға ризашылығын білдірді.
Қаламгер мұрасының қорғаны