"Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында Кәсіптік бағдар және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс жоспары бойынша 9 -сынып оқушылары Ақадыр кенттік полиция бөліміне экскурсияға барды. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар беру. Полиция қызметкері Кежебаев Айдын оқушларға полиция қызметкерлерінің қолданатын инсрументтерін, оларды не үшін, қандай жағдайда қолданылатынын түсіндірді. Полиция қызметінде көп жылдар еңбек атқарған тұлғалармен таныстырды. Сонымен қатар бөлімшедегі шағын кітапханаға да экскусия жасалды. Оқушылар полиция жилеттерін киіп, өздерін бір уақыт полиция қызметкері ретінде сезініп, полиция қыметіне деген өз қызығушылқтарын білдірді.
Ақадыр кенттік полиция бөліміне экскурсия