"Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау,көмек көрсету. Акция аясында көмекке мұқтаж 2 отбасыға азық-түлік, шаруашылық тауарлармен және қыстық аяқ-киіммен көмек көрсетілді. Мектебіміздің ұстаздарына және "Нан-ас атасы" тақырыбында ұн өнімдерінен жасалған тағамдар жәрмеңкесіне қатысып, жиналған қаражатты қайырымдылық акциясына ұсынған 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналарына мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың берер алғысы мен батасы ұшан теңіз.Қамқорлық жасау, мейірімділік таныту әрбір адамзаттың парызы.
қайырымдылық акциясы