«Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 14 қазан күні «Берері мол Алтын күз» апталығы аясында «Күзгі асар – 2025» атты күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 14 қазан күні «Берері мол Алтын күз» апталығы аясында «Күзгі асар – 2025» атты күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектебіміздің 5–7 сынып аралығындағы түскі ауысым оқушылары белсенді түрде қатысты. Жәрмеңке барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесе түрлі тағамдар мен тәттілер, күзгі бақша өнімдері мен қолдан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ күздің көркін ашатын гүл шоқтарын дайындап әкелді. Әр сынып өз бұрыштарын әсем безендіріп, өз өнімдерін жарнамалап, қызықты әрі тартымды түрде ұсынды.
Жәрмеңке оқушылардың еңбекке деген құрметін арттырып, кәсіпкерлікке алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік берді. Балалар ұйымшылдықпен, белсенділікпен, тәртіп пен тазалықты сақтай отырып, жоғары деңгейде қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Бұл шара жас ұрпақты адал еңбекке баулу, жауапкершілік пен табандылыққа үйрету бағытында үлкен маңызға ие болды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге жағымды көңіл күй сыйлады.
