Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде, “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясында ЕББҚ бар сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында“Табысты болуға жол табу” тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойындағы қабілеттерін ашу, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру және табысты болудың негізгі қағидаларымен таныстыру. Тренинг барысында қатысушылар өз армандарын анықтап, мақсат қою, табысты тұлғалардың тәжірибесімен танысу және өзін-өзі дамыту жолдары жөнінде ақпарат алды.
