«Бірге ойнаймыз, бірге үйренеміз!»
ИББ бойынша тәжірибелі ресурстық орталығының жылдық жоспарына сәйкес қазан айына жоспарланған «Бірге ойнаймыз, бірге үйренеміз!»тақырыбында ЕББҚ бар оқкушылар отырған бастауыш сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушылардың бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалды.
Балалар топтық жұмыстар, сергіту сәттері және достық тақырыбындағы әңгімелер арқылы өзара сыйластық пен бірлікке тәрбиеленді.
Даярлық сыныптары арасында «Республика күні-Ұлттық мереке» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Туған жерімізді, елімізді сүюге, еліміздің рәміздерін қадірлеуге, адалдыққа және Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шарада балалар өздерінің егеменді еліміздің болашағы екендерін көрсете білді.