back-image
КГУ "Школа-лицей имени Ю.А.Гагарина" отдела образования Шетского района управления образования Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-лицей имени Ю.А.Гагарина" отдела образования Шетского района управления образования Карагандинской области
Республикалық "Мектепке жол" акциясы
15-09-2025 14:18
Республикалық

   Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2025 жылдың 1 тамызынан бастап, жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы жүргізілуде. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.

     Мектеп тарапынан жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясына қатысу туралы ұстаздар, кенттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге үгіт - насихат, көмек көрсету және ықпал ету жұмыстары жүргізіліп, акцияға қатысуылары қамтамасыз етілуде.

   Аталған акция аясында әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан 76 оқушыға мектеп формасын сатып алу үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржылай көмек  ұсынылды.

     Сонымен қатар, кентіміздегі «Сабина» дүкенінің иесі Есжанова Нәсипкуль  2 оқушыға кеңсе тауар түрінде және мектебіміздің ұстаздары 1 оқушыға  кеңсе тауарымен,1 оқушыға мектеп формасымен, ақшалай көмек көрсетті.

     Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде аз қамтылған отбасынан шыққан 48 оқушыға,  көп балалы отбасынан шыққан  22 оқушыға, толық емес отбасынан шыққан 10 оқушыға , жалпы саны 80  балаға көмек көрсетіледі.

    Осы акция аясында мектеп ұжымы мен әкімшілігінің және ата-аналардың  жергілікті кәсіпкерлерге мен көмек көрсеткен ұстаздарға берер алғысы мен батасы ұшан теңіз.

Новости