Сынып жетекшілер тізімі
№ |
Тегі, аты, әкесініңаты |
Ұлты |
Туғанкүні, айы, жылы |
Бітіргеноқуорны, бітіргенжылы |
Диплом бойыншамамандығы |
Оқытатын пәні |
Педагогикалық еңбекөтілі |
Жалпыеңбек өтілі |
Санаты |
Қайжылы, қайжердеБА курстанөтті |
Қайжылы, қайжердежаңартылған білім мазмұны курсынан өтті |
Аттестациядан өткен мерзімі |
ИИН |
Ватсап № |
1 |
Елеубекова Н |
қазақ |
25.081964 |
ЖенПИ |
Бастауыш сынып мұғалімі |
Бастауыш сынып мұғалімі |
34 |
34 |
І |
2020ж |
Өрлеу-2019 |
2019ж |
640825450152 |
87751917164 |
2 |
Есімханова Қ |
қазақ |
07.07.1986 |
ҚарМУ |
қазақтілі |
Қазақтілі |
10 |
10 |
ІІ |
2020ж |
Өрлеу-2019ж |
2017ж |
860707450926 |
87011265434 |
3 |
Жансерикова Кумс Амангельдиева |
қазақ |
28.03.69. |
Қар МУ |
Химия-биология |
Химия-биология |
16 |
16 |
І |
2019 |
Өрлеу-2019 |
2019 |
690328450434 |
87786283323 |
4 |
Исабекова Жанар Аллаоңғарқызы |
15.02.89. |
Болашақ |
446515 |
Бастауыш сынып мұғалімі |
9 |
4 |
ІІ |
2017 |
Өрлеу-2019 |
2017 |
890215451112 |
87025298710 |
|
5 |
Мукашев М |
қазақ |
08.11.78. |
Қар МУ |
Бастауыш |
Бастауыш сынып |
12 |
12 |
І |
2020 |
Өрлеу-2016 |
2019 |
781108400601 |
87785196776 |
6 |
Нұрпейсова Э. |
қазақ |
24.11.1980 |
Қар МУ |
Қазаақтілі |
Қазақтілі |
9 |
9 |
І |
2020ж |
Өрлеу -2018 |
2019ж |
801124400774 |
87013406459 |
7 |
Оспанаова Ж |
қазақ |
24.10.1963 |
ҚарМУ |
Бастауыш |
Бастауыш |
35 |
35 |
І |
2020ж |
Өрлеу-2018 |
2018ж |
631024450265 |
87787585652 |
8 |
Шоқпарова М |
қазақ |
08.07 1978 |
ҚарМУ |
Бастауыш |
Бастауыш |
23 |
23 |
І |
- |
2016ж |
2019ж |
780807450259 |
87784610554 |
9 |
Ғапиз С |
қазақ |
21.08. 2001 |
СГТК |
Ағылшын |
ағылшын |
2 |
2 |
жоқ |
2020 |
2021 |
Жоқ |
010821650576 |
87023685463 |
V. Тәрбие жұмысы
- Кадрлық құрамы
№ |
Тегі, аты, әкесініңаты |
Ұлты |
Туғанкүні, айы, жылы |
Бітіргеноқуорны, бітіргенжылы |
Диплом бойыншамамандығы |
Оқытатын пәні |
Педагогикалық еңбекөтілі |
Жалпыеңбек өтілі |
Санаты |
Қайжылы, қайжердеБА курстанөтті |
Қайжылы, қайжердежаңартылған білім мазмұны курсынан өтті |
Аттестациядан өткен мерзімі |
ИИН |
Ватсап № |
1 |
Хамзабаева Рухият Амангельдиновна |
қазақ |
16.03.76. |
ҚарМУ-2005 |
Бастауыш |
Бастауыш сынып |
27 |
27 |
зерттеуші |
2016 жыл Қарағанды «Өрлеу» |
2019 жыл Қарағанды «Өрлеу» |
2020 |
760316400061 |
87024796570 |
2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысының есебі
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Алтайбаев атындағы негізгі орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне байланысты «Кел,балалар,оқылық!» атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті.1-сыныпқа 2 бала қабылданды.Сынып жетекші Мукашева Мейрамкүл Сәулебекқызы мерекелік шараны өз мәнінде жоспарлы түрде өткізді.Мектеп залы мерекеге байланысты безендірілді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп отыр! Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қазақ КСР-ы Халық әртісі кеңес және қазақ мемлекетінің музыка танушысы, композитор, дирижер ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына, Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналмақ.
Шара барысында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып,1-сыныпқа қадам бастағалы отырған оқушылар ортаға шақырылды.Мектеп директоры Н.Ғ.Аманбеков бар білімнің бастауы Әліппенің қайта оралуымен құттықтап,сәттілік тіледі.
Ортаға сағынышпен қайта оралған «Әліппе» шақырылып,жас бүлдіршіндер Әліппеге арнаған өлең жолдарын арнады.Мектебіміздің ардагер ұстазы А.Төлеубеков жаңа Әліппені оқушыларға салтанатты түрде табыс етті.Алғашқы қоңырауды соққан Жанболатұлы Айқын мен Емберген Мансұр мектебіміздің оқушылары атанды.
2-7 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Барлық санитарлық талаптарды орындай отырып,сынып жетекшілері сыныптарды безендіріп,презентация көрсету арқылы алғашқы сабақтарын өткізді.
8-9 сыныптарда «Адалдық сағаты» өткізілді.
Мектепте оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Алтайбаев негізгі орта мектебінде «Өзін өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік Президент сайлауы өтті.Алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп,оқушылар арасынан үміткерлер өз кандидатураларын ұсынды.Сайлау мектептегі мәжіліс залында өтті.Сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері отырып келген оқушыларға сайлау парақшасын бір – біреуден беріп, бір – бір оқушыдан сайлау бөлмесіне кіргізіп отырдық. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әр – бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссия үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
Бірінші үміткер Қуанышбек Нұрай 12 дауыс жинады.
Екінші үміткер Естай Айбибі 3 дауыс жинады.
Қортындылай келе сайлауға жалпы қатысқаны 15 оқушы.Мектебіміздің президенті Қуанышбек Нұрай болып сайланды, Ал Естай Айбибі оқу министірі болып сайланды.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент болды .Елбасының бастауымен біздің еліміз әлемге танылды .
Ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін аянбай еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 1991 жылы 1желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды . Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып , елімізді көркейтіп , бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты. Осыған орай мектебімізде « Ұлт мақтанышы –Елбасы » тақырыбында іс шаралар өтті . Іс шаралар жоспары құрылып бекітілді . Мектептің акт залында « Елбасы .Тәуелсіз Қазақстан » атты елбасы еңбектерінен көрме ұйымдастырылды , мектеп дәлізіне « Ұлт мақтанышы –Елбасы » атты бұрыш жасалды . 1-9 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті .
Сонымен қатар 5-9 сыныптар арасында «Болашақ :Ертегіге ұқсас тарих», «НЗМ-нің бірегейлігі» 1-бөлім , «Қазақстанның инновациялық өзегі» 2-бөлім деректі фильмдер көрсетілді.
«Жасұлан» ұйымының мүшелерінің қатысуымен саптық жиын өткізіліп,1- сынып оқушылары Емберген М мен Жанболат А «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанаты өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары құрылды.Осы жоспар бойынша жұмыстар жүйелі атқарылды.Оқу жылының басталуында,1-қыркүйек Білім күніне орай, «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты 1-9 сыныптарда өткізілді.Қазан айында «Тәуелсіз елдің ұландары» атты патриоттық әндер байқауы өтті.Байқауды мектебіміздің жас мамандары Ғапиз С,Ғапиз М ұйымдастырумен өтті.Барлық сынып оқушылары өте жақсы дайындықпен келген.Әділқазылар шешімімен,байқау қортындысы шығарылды.Бас жүлде кішкентай бүлдіршіндерге ,даярлық тобының оқушыларына бұйырды.
Қараша айында кітапхана бөлмесінде,мәжіліс залында «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды.Көрмеге буклет,қолөнер бұйымдары қойылды.
Желтоқсан айында М.Шоқпарова «Тәуелсіздік құрдастары» атты 1991 жылы туған мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырды.16- желтоқсан «Елімнің бақытын тербеткен- тәуелсіздік» атты мерекелік кешті К.Жансерикова ұйымдастырып өткізді.Шара барысында Ақшатау кент әкімі Қ.Омарбай келіп,марапаттар табыстады.
7- мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған саптық жиын өтті.Саптық жиында 4- сынып оқушылары "Жас ұлан" ұйымының қатарына қабылданды.
9- мамыр-Жеңіс күніне арналған "Батырларға тағзым" атты майдангер аталардың ұрпақтарымен кездесу кеші өтті. Ауылдағы майдангердің ұрпағы Егінбай аға оқушыларға әкесінің жасаған ерліктері жайлы әңгімелеп берді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес 1993-1999 жылдар аралығында бұрынғы Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұландық жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінің 2 мыңнан аса офицері мен сарбазы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлескен батальонында ТМД сыртқы шекараларын қорғау үшін тәжік-ауған шебінде бітімгершілік міндеттерін атқарған болатын.Солардың ішінде біздің ауылдың азаматы Қ.Аманжолов пен Дархан Абжанов та бар еді. «Ерлік сабағы» өтті.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Ай ұраны: «Адамгершілік – адамның асыл қасиеті».
Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру
ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен, облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен,Шет ауданының білім бөлімінің 31.07.2017 жылғы хатын басшылыққа ала отырып, мектеп директорының № бұйрығына сәйкес 1тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы жұмыстары мектепте жүргізіліп отырды.
Акция мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуеттік сеептер бойынша балалардың мектепке армауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Акция ұраны: «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету»
Акция басталған күннен бастап, айлық жоспар құрылып, демеушілер мен кәсіпкерлерді тарту мақсатында ақпараттық парақшалар дайындалды. Акция мақсатын алға тарта отырып, мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жетім бала, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы отбасы балалары, толық емес отбасы балаларын тізімге ала отырып, ондағы күн көрісі төмен отбасы балаларын, көмекке мұқтаж отбасы балаларын акция төңірегінде көмек беру көзделді.
Мектеп бойынша жартылай жетім бала -1 (Еркімбай Мейіржан),аз қамтылған отбасы-2 (Орманов М),(Манамбаева М),көп балалы отбасы-5.Үкімет тарапынан осы отбасындағы мектепте оқитын оқушылардың барлығы мектеп формасымен ,оқу құралымен қамтамасыз етілді. 23 оқушы форма алды.
1тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы жүргізіліп отыр.
Қайырымдылық -ізгіліктің көрінісі.Жақсылық жасаушының жолы ашық демекші, акцияға ауылымыздың іскер азаматтары мен жеке кәсіпкерлер мен мектеп ұстаздарынан ақшалай көмек түсті. Қамқорлық кеңес және комиссия мүшелерімен шешім қабылданып,жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен және жартылай жетім 2 оқушыға аяқ киім, оқу құралдары алынып берілді.
Мектебімізге жыл бойы қамқорлық пен қайырымдылыққа толы болғандығы көңілге мейірім ұялатады.Жанашырлыққа жан риза демекші ,демеушілерімізге, ауылымыздың азаматтарына , Жарылғап батыр ауылының кәсіпкерлері Әлібаев Найман,Сыпатылов Ғаббасәлі,Шоқпаров Жайдар,Жұмағұлов Ержан,Омаров Кәрібай,Аманбеков Нұрғазы,Жолдинов Жанболат,Тойымбеков Бақтыбек,Елеубеков Мәтібай,маскамен көмектескен Ермекбаев Салсері,Кенбаев Елдосқа мектебіміздің ұжымы атынан алғыс білдіреміз!
18-қазан-Рухани келісім күніне орай оқушыларға сынып сағаттарында ақпарат берілді.
1-наурыз -Алғыс айту күніне байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалды.1-9 сыныптар аралығында «Алғыс айту парызым» атты сынып сағаттары өтті.Барлық сынып жетекшілер бір кісідей ат салысып,сынып сағаттарын әр түрлі формада өткізді.
Кітапханашы М.Ғапиз «Достық - таусылмас қазына», «Қазақстан - бірлік пен достық мекені» тақырыптарында кітап және фотокөрме ұйымдастырды.
8-9 сынып оқушылары мектеп қызметкерлері,оқушылар,мұғалімдер арасында «Алғыс жолдаңыз ... » интервью алу арқылы бір-біріне алғыс айтуды ұйымдастырды.
5-6 сынып оқушылары «Бір шаңырақ астында» атты эссе жазды.Ең жақсы жазылған жұмыстар аудандық газетке ұсынылды.
«Жасұлан» ұйымының мүшелерінің қатысуымен тәлімгер Қ.Есімханова мерекелік ән шашу ұйымдастырылды.
«Алғыс айту» бұрышы ұйымдастырылып, алғыс хаттар иесіне табысталды.Барлық жоспарланған жұмыстар өз мәнінде өтті.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие.
Мектепте ҚР-сы халықтарының Тілдері күні мерекесі салтанатты түрде ашылды. Мерекені мектеп директоры Аманбеков Н.Ғ. ашып, оқушыларды мерекемен құттықтады . Оқушылардың байқауы өте жақсы, көңілді өтті. Тіл мамандары 5-9 сынып оқушылары арасында «Ана тілі –ұлттың тілі » атты жоспар бойынша онкүндік өткізді . Қазақ халқының ұлы тұлғалары, мәдениеті, ұлттық ойындары, ҚР-ың мемлекеттік мерекелері туралы айтылды. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту үшін ойын түрлерін өткізді.
1-қазан-Қарттар күніне байланысты жоспар жасалып,іс-шаралар өтті.Бастауыш сынып мұғалімдері «Менің атам,Менің әжем» тақырыбында фотоколлаж жасады.
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен ,мектебіміздің ұстазы А.Төлеубекұлын зейнетке шығу кеші ұйымдастырылды.Кешті өткізу барысында, барлық санитарлық талаптарды сақталды.Ұстазымыздың өмір жолынан естеліктер айтылып,шәкірттері Хамзабаев Айдар,Орманова Гүлден,Бөлтікова Кенженің видеожолдаулары көрсетілді.Мектептегі алғашқы шәкірттері,әріптестері құттықтау сөздерін арнады.Ұжымның атынан музыкалық ән шашу орындалды.
3-9 сынып жетекшілері «Ұстазыма шын жүректен» акциясы аясында зейнеткер ұстаздарды мерекесімен құттықтап ,жүрекжарды тілектерін айтып,қуаныш сыйлады.
Кітапханашы М.Ғапиз ауыл ақсақалы «Өнегелі өмір» жобасын басшылыққа ала отырып сұхбат алды.
Өзін өзі басқару ұйымының басшылығымен «Қайырымдылық жасай білейік» ұранымен жалғызілікті қарт кісілерге отын жару,су тасу сияқты жұмыстарына көмектесіп қайтты.
8-9 сынып оқушылары «Қарттарым аман,сау болшы» деп өлең жолдарын шығарып,әлеуметтік желіге салды.
Жалпы жұмыстар өз мәнінде жоспар бойынша орындалды.Жауапты адамдар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап,ат салысты.
Төртінші бағыт – Отбасылық тәрбие.
Отбасы күніне байланысты Алтайбаев негізгі орта мектебінде іс-шаралар өтті.
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 12-17 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру; Атап айтсақ, «Менің отбасым» фототсуреттер галереясынан коллаж жасау бастауыш сынып оқушыларына жүктелсе,«Отбасы құндылықтары» атты тәрбие сағаты 4-сыныпта Н.Елеубекованың ұйымдасыруымен,«Отбасы бақыт ұясы» атты тәрбие сағаты 7-сыныпта Э.Нурпейсованың ұйымдастыруымен өтті. 5-сыныпта «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында шығармашылық жұмыстар,6-сыныпта «Біз көңілді отбасы»,8-сыныпта «Отан отбасынан басталады» отбасылық газет шығарылды.9-сынып оқушылары эссе жазды.
Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.
Мектеп психологы Ж.Исабекова ата-аналармен 15-мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай"Жақсы көңіл күй,жақсы қарым-қатынас" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында ата-аналар бірнеше психологиялық жаттығулар орындап,белсенділікпен қатысты.
Әлеуметтік педагогі Қ.Есімханова көп балалы отбасы ата-аналарымен 15-мамыр -Халықаралық отбасы күніне орай "Мерейлі отбасы"атты тақырыбында кездесу өткізді.Кездесу барысында ата-аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі рөлі мен қарым-қатынастары туралы ойларымен бөлісіп,әртүрлі ойындарға белсене қатысты.
Жылына 4 рет жалпы ата- аналар жиналысы өткізіліп , ата –аналар арасында тренинг , дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды . Сонымен қатар ата-аналар « Мектепке жол » , « Балаға жылу сыйла » қайырымдылық акцияларына қатысып отырады .
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Көгалдандыру мен санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында өткізілген сенбілікке мектеп оқушылары мен ұжымы белсенді қатысып отырады. Мектеп маңындағы ағаштардың түскен жапырақтарын тазалап, ауласын сыпыру жұмыстары атқарылды. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мектеп ауласы көрікті, әрі таза. Мектеп манына бос жерлерге ағаш егілді. Сенбілік кезінде мектеп оқушылары берілген участок жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, мектебіміздің тазалығына өз үлестерін қосты. Қатысқан: 1-9 сынып оқушылары. Жыл басынан бастап мектеп бөлмелеріне гүл өсіру жұмысы жүргізілді , әр сыныпты гүлмен толықтыру жұмыстары жүргізілді . Осыған орай «Жасыл желек » таңдау курсы енгізілді
Алтайбаев атындағы негізгі орта мектепте кәсіптік бағдар беру жоспары жасалды.Мақсаты-мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру.Оқушыларды,ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.
Міндеттері-оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
• Кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту;
• Кәсіби білім беруде мекемелерімен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстаарын ұйымдастыру;
• Кәсіби бағдар беруді оқу бағдарламасына, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.
Кәсіптік бағдар беру кеңесін құрылып, ДТІЖО Р.Хамзабаеваға жұмыс жүргізілу жүктелді.
Жоспар бойынша тәлімгер Қ.Есімханова 8-9-сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау -өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Қараша айында ауылымыздың механизаторы болған Е.Накенов атамен «Өнегелі өмір» жобасы аясында сұхбат алынды.Сұхбат барысында мамандық таңдауға байланысты сұрақтар қойылды.Кәсіптік бағдар беру мақсатында машықтанушы С.Рысбековамен «Мен таңдаған мамандық»
атты 9-сынып оқушылармен кездесу өтті.Кездесу барысында оқушылар өздерінің көкейлерінде
жүрген мамандық таңдаудың қыр- сыры жөнінде сұрақтар қойып,керекті мағлұматтар алды.
Мақсаты- оқушыларға мамандықтың түрлері,олардың адам өміріндегі
маңызы туралы түсінік бере отырып,өз бейіміне сәйкес дұрыс мамандық
таңдай білуге ықпал жасау.
Мектеп дәлізінде мамандықтар әлемі жайлы ақпарат беретін бұрыш жаңартылды.Жалпы іс шаралар жыл бойы жоспарлы түрде атқарыла беретін болады.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
Алтайбаев атындағы негізгі орта мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нормативтік және ұйымдастырушылық жұмыстармен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық ұжыммен жұмыс жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруға қажетті құжаттар кестесі жасалды.
Педагогтарға,ата-аналарға,оқушыларға арналған құқықтық жаппай оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілермен танысуға арналған тренинг өткізілді.Директордың қатысуымен өтетін отырыстарда,педагогикалық кеңестерде,ұжым жиналыстарында сыбайлас жемқорлықппен күрес туралы заңнаманың орындалу мәселелерін қарастырылып отырады.
«Сыбайлас жемқорлық және мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес отбасынан басталады» мәселесі бойынша мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мектепте ата-аналардан ақша жинау фактісі бойынша сауалнама алынды.Нәтижесінде мектеп қажеттілігіне байланысты ақша жинау дерегі анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Адалдық- ардың ісі» атты адалдық бұрышын ұйымдастырылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» сынып сағаттары, атақты тұлғалармен онлаин «Адалдық сағаттары»,оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» суреттер көрмесі өтілді.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық.
Алтайбаев атындағы негізгі орта мектеп бойынша мұғалімдер күнін атап өту өз мәнінде жоспарлы түрде жүргізілді.Барлық сынып жетекшілер өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Әсіресе,өзін өзі басқару ұйымының жұмыстары көңілден шықты.Мектеп әкімшілігі зейнетке шыққан ұстаз Төлеубеков Амандықты құттықтап,кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын салтанатты түрде тапсырды.
Бастауыш сынып жетекшілері «Ұстазыма ақ тілек», «Құттықтау сандығы» мерекелік құттықтау тілектер жазатын бұрыш ұйымдастырды.Өзін өзі басқару ұйымының оқушылары құттықтау челленджі,шығарма жазу сияқты жұмыстар жүргізді.
9-сынып жетекшісі Оспанова Жанна «Ұстаз-ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізді.
Алтайбаев негізгі орта мектебінде «Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығының ашылу салтанатын мектеп директоры Н. Ғ. Аманбеков ашып беріп, сәттілік тіледі.Музыка пәнінің мұғалімі Ж. Оспанова мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі А. Төлеубеков жосп«Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығының V-ші күнінде,санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Сиқыршы күз» сыныптан тыс іс-шара1-4 сынып аралығында Ж.Исабекова ұйымдастырды.Мектептің акт залы мерекеге сай безендірілді.Оқушылар ән айтып,би билеп,тақпақтар айтып өнерлерін көрсеттіарымен таныстырып, тапсырмалар берді.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Алтайбаев атындағы негізгі орта мектебінде 4-8 желтоқсан аралығында «Вейп-денсаулыққа өте қауіпті» атты апталық өтуде. Мектептің әлеуметтік педагогі, психологтың көмегімен кешенді түрде жасөспірімдер мен ата-аналар жүйелі ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізу.
«Вейп түтінін жұту- ажал жұтумен бірдей» тақырыбында мектеп медбикесі Қалиасқарова Н дәрігерлік кеңес берді.Вейп түтінінің денсаулыққа кері әсерлері жайлы айтылып,құмар болмауға шақырды.
Мектеп психологы Ж. Исабекова ұлдармен «Ұрпақ саулығы-ұлт саулығы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп тәлімгері Қ.Есімханова 7-9 сынып оқушыларымен «Вейп денсаулыққа өте қауіпті» атты видеорлик көрсетіліп,жан жақты талқыланды.
М.Ғапиз «Салауатты өмір салтын ұстанайық» атты тренинг өткізіп,ойларын суретке түсіртті.
«Шынықсаң - шымыр боласың!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті. Фестивалға мектеп оқушылары, ұстаздар, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысты . Фестиваль флешмоб « Биле, қозғалыста өмір сүр!» ұранымен басталды, эстафеталық ойындар мен әр түрлі жарыстар өтті. 5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтіп, 8,9 сыныптар арасында волейболдан жарыстар ұйымдастырылды . Дене шынықтыру пәні мұғалімі Карибжанов О.Е. аптасына 3 рет жоғары сынып оқушылары арасында теннис және волейболдан секция ұйымдастырады . Мереке кездері сынып оқушылары арасында дойбы , шахмат , тоғызқұмалақтан жарыстар өткізеді . Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында « Денсаулық », « Спорт бұрышы» » шығарылып отырды , уақытында мектеп медбикесі Қалиасқарова Н. әртүрлі ауруларға қарсы диктанттар алып , дәріс , кеңес береді .
Елбасының « Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру » бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстардың сараптамасы.
Елбасының « Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру » бағдарламасы бойынша жыл басынан бастап жоспар құрылды. Жоспар бойынша біршама іс-шаралар жүргізілді. Жыл басында оқушыларға тапсырма берілді . Ауылымыздағы «Диа қажы» ескерткіші , Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш басы қоқыстардан тазартылды. Осы адамдар туралы ауыл ақсақалдарынан сұрап деректер жинақтау тапсырылды . Оқу жоспарына «Жарылғаптану » және Туған жер бағдарламасы бойынша « Туған жерім- тұнған шежіре» атты бағдарламалық курс енгізілді. Ауылымыздан шыққан атақты адамдар , тыл ардагерлері атты баннер жасалып , мұражайға ілінді. Жәдігерлер жерде қалмасын атты жұмысты жүргізу барысында « Мұражай – тарихтың көзі » атты мұражай ұйымдастырылды. Жыл бойы мұражай көне жәдігерлермен толықтырылады.
Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс шаралар жоспары жасалды.Жоспарға сәйкес,бастауыш сыныптар арасында «Халқымның бір еркесі мен боламын » аттысынып сағаттары өтті. 5-7 сыныптар аралығында «Ән әлемінің саңлағы» атты фильм көрсетілді.
8-9 сынып оқушылары Роза Бағланованың өмір жолы мен қоғамда алған орны ,өнері жайлы эссе жазды.Қуанышбек Н,Аманқұл І,Кенбаев А,Естаева А қатысты.Апталықтың соңында Роза апамыз шырқаған әндерден байқау ұйымдастырылды. «Құлақтан кіріп бойды алар» ән байқауын музыка пәнінің мұғалімі Ж.Оспанова өт?