back-image
КГУ "Дарьинская ОШ"
Организации> КГУ "Дарьинская ОШ"
годовой отчет по противодействию коррупции
27-05-2022 12:23
годовой отчет по противодействию коррупции

Дарья жалпы білім беру мектебі
2021-2022 оқу жылы

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ақпарат

Мектебімізде «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Қыркүйек айында клубтың жоспары жасалып, бекітілді. Клубтың негізгі мақсаты: жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайтуға ынталыларды мадақтау,  жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларға қатысу. Мектебімізде ай сайын «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. Оқушылар дүкеннен өздеріне керек мектеп құрал-жабдықтарын тиімді бағаға сатып алады. Дүкенде еш сатушы жоқ, оқушылар алған заттарының ақшасын өздері төлеп белгіленген жерге қойып жатты. Дүкен ұйымдастырудағы негізгі мақсат-оқушыларды адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу, жемқорлықтың алдын-алу.
 6 қыркүйек күні 5-11 сынып оқушылары аралығында адалдық сағаты өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушы, турколог, ғалым, ақын, аудармашы А.Байтұрсынұлы шығармалары арқылы оқушылар шыншыл, еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің дәстүрін жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

28 қазан мектеп оқушыларымен  Қазақстан КВН Одағының Президенті Есентүгел Елеукенмен «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар бейнероликті көре отырып Е.Елеукен мырзаның әр сөзін жадыларына  тоқып, ерекше әсер алды. «Адалдық деген не?», «ұлтжанды адам деп кімді айтуға болады?» деген сауалдарға адалдық ол-шынайылық, ал ұлтжанды адам –шаршы топтың алдында әдемі сөйлеу емес, ұлтына адал қызмет ету деп өз пікірін білдіре келе, қазіргі жастар бойынан білім мен қабілеттілікті көргім келеді. Жетістікке жету үшін еңбек пен шыдамдылық қажет, соңында еңбек, істің нәтижесі көрінеді. Қазіргі жастарға айтар кеңесім-білімді болу, жақсы орта қалыптастыру, іздену және шыдамды болу. Бейнероликтен кейін оқушылар арасында қорытынды жасалды. Әр оқушы алға қойған  өмірлік ұстанымдарын айтып, болашақта өз ұлтына адал қызмет етуге мақсат қойды.Адалдық сағатынан оқушылар шынайылық пен шыдамдылыққа,  адал еңбек етуге және бойларындағы қабілетті шыңдай білуге үйренді.

 

 

 

 

 

Қараша айында мектеп оқушыларымен Қарағанды облысы «Жас Отан» жастар комитетінің төрағасы Ержан Хамитовпен «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Оқушылар бейнероликті көре отырып Ержан мырзаның әр сөзін жадыларына  тоқып, ерекше әсер алды. «Адалдық деген не?», «ұлтжанды адам деп кімді айтуға болады?» деген сауалдарға адалдық ол-шынайылық, ал ұлтжанды адам –шаршы топтың алдында әдемі сөйлеу емес, ұлтына адал қызмет ету деп өз пікірін білдіре келе, қазіргі жастар бойынан білім мен қабілеттілікті көргім келеді. Жетістікке жету үшін еңбек пен шыдамдылық қажет, соңында еңбек, істің нәтижесі көрінеді. Қазіргі жастарға айтар кеңесім-білімді болу, жақсы орта қалыптастыру, іздену және шыдамды болу. Бейнероликтен кейін оқушылар арасында қорытынды жасалды. Әр оқушы алға қойған  өмірлік ұстанымдарын айтып, болашақта өз ұлтына адал қызмет етуге мақсат қойды. Адалдық сағатынан оқушылар шынайылық пен шыдамдылыққа,  адал еңбек етуге және бойларындағы қабілетті шыңдай білуге үйренді.

 

 

 

 

Қараша айында «Адал ұрпақ» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сурет байқауы өткізілді. Оқушылар жемқорлықсыз өмірді қылқалам арқылы ақ қағаз бетіне түсіре отырып, «адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім» құндылықтарын бойларына сіңіре білді.

 

 

 

 

 

Адал ұрпақ» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында эссе байқауы өткізілді.

 

 

 

 

 

Орындаған:                     Даткина Ф.К.

Новости