“Ең үздік мектеп логотипі”
17 қазанда Жарық жалпы білім беретін мектебінің “Ең үздік мектеп логотипі” байқауының ІІ кезеңі болып өтті. Қорғауға барлық оқушылар үлкен дайындықпен келіп, презентациямен және плакатпен өз жұмыстарын қорғап шықты. 13 оқушының жұмысы қаралып, критериялар бойынша бағаланды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, 9 «Ә» сынып оқушысы Құдайбергенов Бексұлтан жұмысысының ерекшелігі үшін мадақталды. Комиссия құрамының көзіне түскен ерекше жұмыстардан Қуандық Әділеттің қорғауының практикалық құндылығы бағаланып аталды. Секербаев Бектастың логотипін педагог-психолог А.Ғ.Арман «Үш одақ» жобасының логотипі етіп алды, Еркебұланов Алишердің логотипін мектебіміздің жайдарман командасы таңдап алды.
Байқау қорытындысы бойынша
І орын: Муталяпова Гүлзада,
ІІ орын: Бейсен Гүлмарал, Құдайберген Асылайым,
ІІІ орын: Қуандық Әділет, Отархан Айша, Еркебуланов Алишер.
Орын алған оқушылар байқаудың ІІІ кезеңіне өтті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жауапты- аға тәлімгер Л.Б.Майбасова