back-image
КГУ "Жарыкская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Жарыкская общеобразовательная школа"
"Оқу сауаттылық апталығы"
09-12-2022 15:49

Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің Жарық жалпы білім беретін мектебінің "Бөбек" шағын орталығында "Оқу сауаттылық апталығы" өтті.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмыстарды жандандыру. Міндеттері:
Балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жаңарту арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс қимылында балаларды кітапқа тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру:
-Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын дамыту.
Балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, кітап сүйер қауымды әлемге тарту:
-Ата-аналарды балалардың оқырман қызығушылығын, кітапқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дамытуға ынталандыру:
-Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу сауаттылығына тәрбиелеу.
Апталықты өткізген тәрбиешілер Ермахан Құрманай және Рахимжанова Қамария. @obb_qaragandy @umckrg @shet.bilim

Новости