back-image
КГУ "Жарыкская общеобразовательная школа"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Жарыкская общеобразовательная школа"
4 бұйрық
11-12-2023 14:58
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26618 болып тіркелді Министерство образования и науки Республики Казахстан Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 11-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қоса берілген қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код ҚР НҚА ЭББ-гі нақты құжатқа сілтеу QR-коды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына қосымша Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың тәртібін анықтайыды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; 2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар); 3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау; 4) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар). 2-тарау. Ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың тәртібі 3. Адамдардың (балалардың) ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалау мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (бұдан әрі – ПМПК) жүзеге асырылады. 4. Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні қамтиды: 1) мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылауды, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың анықтауын; 2) психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеуін және бағалауын; 3) білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың тереңдетілген тексеру нәтижелері бойынша оқыту қиындықтары бар балаларға ПМПК-ға ерекше білім беру қажеттіліктерін одан әрі бағалауын; 4) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін пәнаралық ұжымдық бағалауды. 5. ПМПК-да ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні қамтиды: 1) ПМПК ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы бойынша, білім беру ұйымдарының ұсынымы бойынша балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалауды. ПМПК терең зерттеу және арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде қызметтердің көлемін, түрлерін анықтайды. 2) ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы бойынша немесе ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалау қажеттілігі туралы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінің шешімі негізінде білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша ПМПК-дағы ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалауды. 6. Ерекше білім беруге қажеттіліктерді бағалау тәртібі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың екі тобын айқындайтын оқу қиындықтарының себептеріне байланысты жүзеге асырылады. 7. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақы-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі: 1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған есту қабілеті зақымдалған (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін естімейтін және нашар еститін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар); 2) көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер – көру сезімінің толық болмауымен, жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,04-ке дейін жарық сезуімен немесе қалдық көрумен және нашар көретін балалар – жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,05-тен 0,4-ке дейін көру өткірлігімен); 3) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар); 4) психикалық дамуы тежелген; 5) сөйлеу қабілеті зақымдалған (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу дамымаған, фонетикалық-фонематикалық сөйлеу дамымаған, ринолалия, дизартрия, ауыр тұтығу, жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар (дислексия, дисграфия); 6) тірек-қимыл аппараты бұзылған; 7) эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен); 8) күрделі (біріктірілген) бұзылыстармен балалар кұрайды. 8. Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады: 1) әлеуметтік осал топтағы отбасыларда тәрбиеленетін, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар; 2) жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, қандастар); 3) мүгедектігі бар балалар. 9. Даму мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты оқу қиындықтары бар бірінші топ балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау келесі қажеттіліктерді анықтау үшін жүргізіледі: 1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту; 2) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту; 3) оқытудың вариативтік, арнайы және баламалы, оның ішінде мінез- құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерін пайдалану; 4) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау; 5) педагог-психологты, арнайы педагогті (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (логопед-мұғалім), педагог-ассистентті арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау; 6) оқыту бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы); 7) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу; 8) компенсаторлық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету; 9) әлеуметтік педагогті сүйемелдеу; 10) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес жүріп- тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға арналған жеке көмекшінің қызметі; 10. Бірінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің, (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі және «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) сәйкес ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары және негіз болып табылады. 11. Екінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау: 1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертпей оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз етуге; 2) үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыруға; 3) оқу орнын бейімдеуге; 4) мектеп психологтің қолдау; 5) әлеуметтік педагогтің қолдау қажеттіліктерін анықтау үшін жүргізіледі. 12. Екінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің және (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады.
Новости