back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мәжіліс залының ашылуы
25-05-2022 10:28
 
25-мамырда мектебімізде айрықша оқиға болды. Мектебімізде ұзақ жылдар еңбек еткен музыка пәні мұғалімі Байнамазова Макура Жұмаділқызының балалары мектеп мәжіліс залына жаңадан жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ескерткіш тақта орнатты. Мәжіліс залынан Макура Жұмаділқызының қолданған музыкалық аспаптарын және еңбек жолындағы жетістіктерін көрсететін  стендттерді көруге болады. Салтанатты жиында Макура Жұмаділқызының көзін көрген замандастары, бірге қызмет еткен әріптестері естелік айтты. Білімді де білікті ұстаздың алдын көрген шәкірттері қазір зейнет жасына келген ұлағатты ұстаздар ортаға шығып бұрын  ұстаздарынан үйренген "Сүйікті ұстазым, мектебім!" әнін орындады. 6-сынып оқушысы Әбіл Аяулым күмбірле күй шертіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 
Жақсы адамның аты мәңгі өшпейді, 
Өшпейтұғын із қалдырса артында. 
Макура апай сондай жанның бірі еді, 
Ұрпақтар бар жалғайтын ісін артында-дей отырып мектебізде Байнамазова Макура Жұмаділқызының атына ашылған мәжіліс залы үшін балалары мен туысқандарына мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз.
Новости