Қарағанды облысы білім басқармасы Шет ауданы білім бөлімінің Еркіндік жалпы білім беретін мектебінде 25-мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға Шет ауданы білім бөлімінің басшысы Смағұл Елдос Жарылғапұлы қатысты.
Салтанатты жиын барысында мектептің үздік оқушылары мадақтамамен, мектеп өміріне белсене ат салысқан ата-аналар алғыс хатпен марапатталып, «Домбыра – ғасырлар аспабы» үйірмесінің (жетекшісі Исағұл Ж.Ж.) қатысушылары мен мектептің талантты оқушылары өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге мектеп түлектеріне 1-сынып оқушылары өз құттықтауларын арнады. Салтанатты жиын мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.
Салтанатты жиында мектеп бітіргеніне 30 жыл толған мектебіміздің түлегі Шет ауданының білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Смағұл құттықтау сөзін сөйлеп, мектепке химия лабороториясы мен қаржылай сыйлық жасады.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»