Мәжит Аманқұлұлы Әбдіров атындағы математика пәнінен аудандық олимпиада өткізілді.
Ш. Батталова атындағы тірек мектебі
Шет ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 2 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасында
Мәжит Аманқұлұлы Әбдіров атындағы математика пәнінен аудандық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
1. Ақжал кенті Кеңесінің төрағасы, Ақжал кенті әкімі, Ақжал орта мектебінің директоры қызметін атқарған Мәжит Аманқұлұлы өмірбаянымен таныстырып, ғылымға, қоғамға, сіңірген еңбектерін насихаттау;
2. Оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру;
3. Оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға аудан мектептерінен 66 оқушы қатысты.