
8 сыныпта "Білімім -Отаныма" атты тақырыпта Ахметова Алтынай Сайлюбаевна сынып сағатын өткізді.
Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білімнің керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады. Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.