
2025 жылдың 22 қыркүйегінде 2-сынып оқушыларына арналған «Еңбек - елдің берекесі» атты сынып сағаты өтті. Бұл іс-шараға қонақ ретінде мұғалім Жиенбаев Г.К. шақырылды. Мақсаты- оқушыларға еңбекқорлықтың қоғамдағы рөлі, еңбек арқылы жетістікке жетудің жолдары мен еліміздің дамуына еңбек етудің маңызы туралы түсінік беру болды. Сынып сағатының барысында оқушылар жұмбақтар шешіп, әртүрлі ойындар ойнап, “еңбек» деген сөздің мағынасын тереңірек түсініп, әрқайсысы өз ойларын айтып шықты.
Сынып жетекшісі: Исмагамбетова Т.С.