«Ойындар әлемінде»
Қысқы демалыс күндері 2-сынып оқушыларымен «Ойындар әлемінде» атты сайыс сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, танымдық қабілеттерін дамыту және ұжымдық жұмысқа баулу. Сайыс барысында балалар түрлі қызықты ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысып, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетті. Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, демалыс уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.