2024 жылғы 06 қазан Республикалық референдум
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
2024 жылғы 06 қазан
Республикалық референдум
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, референдум тағайындалған сәттен бастап өз тіркелген жеріңіз бойынша тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылысыз.
Сайлаушылар тізімінен сілтемені пайдаланып, http://sailau09.kz/kk онлайн-сервис арқылы өзіңізді тексере аласыз және азаматтардың өтініштері бойынша ақпараттық Сall-орталық арқылы сайлаушылар тізіміне енгізу үшін телефондарына хабарлайсыз: 8/72156/54240, 8/72156/53252, немесе электрондық мекен-жайы арқылы: sh_org@akimat09.kz жүгінесіз.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Сізге референдум өткізу учаскесі (сайлау учаскесі) бойынша сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.
Құрметті сайлаушылар! Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз референдумға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
ӨЗІҢІЗДІ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ТЕКСЕРІҢІЗ!
ӨЗ ТАҢДАУЫҢЫЗДЫ ЖАСАҢЫЗ!