2024 жылы Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының қорытындысы туралы
2024 жылы Шахтинск қаласының 14 білім беру объектісінде жалпы сомасы 400 млн. теңгеден астам ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.
12 жалпы орта білім беру ұйымдарында мынадай жұмыс түрлері жүргізілді: санитарлық тораптарды, жылу жүйесін, спорт залы мен спорт алаңын, баспалдақ маршын, кабинеттерді, рекреацияны, акт залын, асхананы ағымдағы жөндеу, сондай-ақ дәлізді, едендерді жөндеу және есіктерді ауыстыру, 1 қосымша білім беру ұйымдарында спорт залы мен ғимараттың қасбетін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектепке дейінгі білім берудің 1 объектісінде – «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК (шатырды күрделі жөндеу) күрделі жөндеу жүргізілді.