 
                        2025–2026 оқу жылына арналған «Салтанат» ясли-бақшасы» КМКҚ Құзыреттілік орталығының жоспарын жүзеге асыру аясында, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында, 2025 жылдың 28 қазанында «Салтанат» ясли-бақшасы» КМКҚ базасында кезекті отырыс өтті. Аталған отырыста өсу нүктелерінің педагогтерімен инклюзивті тәжірибе аясында «Мінез-құлқында мәселелері бар балалар» тақырыбында педагог-психолог Ақбашева Т.М.-ның консультациясы өткізілді. Отырыстың барысында педагогтер мәселенің теориялық бөлімімен танысып, педагог-психологтың ұсынымдарын алды, сондай-ақ практикалық тапсырмалар арқылы осы тақырып бойынша алған білімдерін бекітті.
 
                         
                        


 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    