back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"
"Аққу" бөбекжай" КМҚК ғимаратынан өрт шыққан жағдайда тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.
22-11-2022 15:31

      Жаттығу сабақтарын өткізу кезінде - 2 жастан 6 жасқа дейінгі 112 тәрбиеленуші және 25 қызметкер қатысты. Өрт туралы хабарландыруды директоры м.а. Саттарова З.К. жүргізді. 10 сағат 05 минутта дауыстық хабарландыру сигналынан кейін тәрбиешілер тәрбиеленушілердің тиісті шығу жолдары арқылы ұйымдасқан түрде шығуын жүзеге асырды. Қатысу табелі бойынша жинау орнында балабақша медбике Шертышева Ж.Г. және топ тәрбиешілері директорға айтып, топ атауы мен балаларды 100% эвакуациялау туралы директорға есеп берді. ТЖ-ды алдын алу бойынша оқу-жаттығу эвакуация жұмыстары жыл бойы тұрақты жүргізіледі. Тәрбиеленушілер тәрбиешінің айтқандарының бәрін түсініп, берілген нұсқауды тез орындады. "Аққу "бөбекжай" КМҚК директорының м.а. оқу эвакуация жаттығуларының өткізілуіне оң баға берді.

Новости