«Аққу» бөбекжай» КМҚК-да Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілім –дара тілім» апталығының «Тіл –татулық белгісі» тақырыбында туған тілін құрметтеу, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеу, сондай-ақ, балалардың сөздік қорын молайту мақсатында оқу қазақ тілі аптылығы ашылуы өтті. Онда мектепалды даярлық тобы мен ересек тобы арасында мақал-мәтелдерді, тақпақтарды мәнерлеп оқу болды.
«Құлыншақ» мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері қазақ тілі туралы тақпақтар мәнерлеп оқыды.
«Күншуақ» ересек тобы тыйым сөздер айтса, «Құлпынай» ересек тобы тіл туралы нақыл сөздер айтты.
«Ботакөз» мектепалды тобы бүлдүршіндері мақал-мәтелдер айтып, «Қазақ биі» биін биледі.