
Бүгін біздің балабақшада мейірімділік пен сыйластық күні өтті. Балалар мейірімділік туралы мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды үйренді; «Достық және басқаларға қамқорлық» тақырыбында сюжетті суреттермен жұмыс жасады; Өзара көмек көрсету, үлкенді сыйлау туралы ертегілерді оқу; Аталар мен әжелер үшін ашық хаттар жасалды; Мейірімділік туын жасады; «Сәнді әже және сәнді ата* дизайн шоуын ұйымдастырды; «Жақсылық жаса» мерекелік лентасын жасады; Балалар «Мейірім, мейірімділік, сыйластық дегеніміз не?» тақырыбы бойынша,айдарға қатыстып,әңгімеледі. Ата-аналар «Менің кішкентай көмекшім» пиар-науқанын қолдады.