
Бүгін квест түрінде өткен жас ата-аналар мектебінің отырысы өтті. Әдістемелік кабинетте «Ақпарат беру» ойынын ойнады, «Ата-ананың міндеттері» және «Тәрбиешінің міндеттері» кластерлерін құрастырды; педагог-психолог кабинетінде ойын қызметі арқылы балалардың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту бойынша ұсыныстар алды; робототехника кабинетінде ұсақ моториканы және сөйлеуді дамытуға арналған ойындармен танысты. Квест соңында қазақ тілі кабинетіне барып, «Отбасы» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты. Барлық қатысушыларға 2-3 жастағы балалардың дамуы туралы буклеттер және Масару Ибуктың «3-тен кейін кеш» кітабын оқуға арналған Qr-кодтар, сондай-ақ «Құсты тамақтандыр» дамыту ойынына арналған дайындамалар табыс етілді.