«Топтағы баланың эмоционалды көңіл-күйі»
13 ақпанда «Мен бақытты баламын» жобасы аясында «Аққу» жоғары тобындағы ата-аналар арасында «Топтағы баланың эмоционалды көңіл-күйі» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Көптеген ата-аналар отбасылық қарым-қатынастың жақсы болуы баланың балабақшадағы құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасына әсер етеді деп санайды.