Өрт сөндіру қызметінің өкілдерімен кездесу

Бөбекжайымызда мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігі бойынша жұмыс жоспары аясында өртке қарсы қызмет өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Балалар өрт сөндіруші мамандығымен танысты, құрал-жабдықтар мен арнайы көліктерді қарап шықты, өздерін өрт сөндіруші рөлінде сынап көрді, костюм мен арнайы киім элементтерді киіп көрді.